Окинбеймін
Toregali Toreali
Окинбеймін 歌詞
Күн боп ылғи күлуші едің
Жүрегімнің көктемінде
Тартыншақтап тұрушы едің
Ақ жүзіңнен өткенімде
Сол күндердің сағым бәрі
Енді қайтып орала ма?
Өкінішке жаным да әлі
Өртеп жүрмін неге ғана?
Өкінбеймін, өкінбеймін
Келші деп те өтінбеймін
Жүрегіңнен өшір мейлі, қайтейін?
Өкінбеймін, өкінбеймін
Іздеуге де бекінбеймін
Тағдырымыз бір болмады, қайтейін?
Өткен күннің отты елесі
Көңіліңнен өшпеген бе?
Өкпелесең өкпелеші
Өкінбеші ештеңе
Қол созып ек сан арманға
Бірақ бақытты ете алмадың
Өкінгенмен амал бар ма?
Қадіріме жете алмадың
Өкінбеймін, өкінбеймін
Келші деп те өтінбеймін
Жүрегіңнен өшір мейлі, қайтейін?
Өкінбеймін, өкінбеймін
Іздеуге де бекінбеймін
Тағдырымыз бір болмады, қайтейін?
Өкінбеймін, өкінбеймін
Келші деп те өтінбеймін
Жүрегіңнен өшір мейлі, қайтейін?
Өкінбеймін, өкінбеймін
Іздеуге де бекінбеймін
Тағдырымыз бір болмады, қайтейін?