Менің өмірім 歌詞

Құдайым жасашы пендеге рақымшылық,
Есімде жоқ соңғы рет жасағаным жақсылық.
Шындыққа келсек, менде тобырдың бірімін,
Түбіне батпайын деп жүрген өмір-өзеннің.
Бәрібір! Толы зал немесе толы емес,
Бәрібір! Бейбітшілік немесе төбелес.
Бәрібір! Күл болған жаным менің өртенбес.
Өткеніме өкініш – мәңгі жоғалған елес.
Қара жерді басып келем Баба сүйегін таптап,
Үміт бермейді молда құранды алған жаттап.
Бәріміздің мақсатымыз байлық пен табыс,
Уақытша бейбітшілік үшін мәңгілік соғыс.
Әулие әкей, мүмкін сен берерсің ақиқаты,
Күнәһармын орындамас Құдай қойған талапты.
Жаным таза, бірақ қолым лас,
Адамзат – дұшпаным, майданда жалғыз сарбаз.
Бүгін Алматы тұманды менің болашағымдай,
Естелік құрбаны тарихын ұмыта алмай.
Рухани аштық пен тәни аштықты мен білем,
Құтқарам әлемді жамандық толы жақсылықпен!
Бұл менің өмірім! My life!
Бұл менің өмірім!
Бұл менің өмірім! My life!
Бұл менің өмірім!
Бұл менің өмірім! My life!
Бұл менің өмірім!
Бұл менің өмірім! My life!
Бұл менің өмірім!
Жақын болмасамда мен лириканы шығаруға,
Бірақ шештім не болсада осы шумақты жазуға.
Тыңдарманыма жаяйын басымдағы ойларымды,
Періштем деп ойлаған қыз жүрегімді жаралады .
Мен оны сүйдім өлердей, ал ол сенбеді маған,
Мұзға айналды жүрегім лаулаған оттай жанған.
Басқа біреумен көргенде өз көзіме сенбедім,
Мүмкін оныкіндей жоқ менде қымбат көлігім.
Бірақ жүрегім бар менің, ал оған білем бәрібір,
Неге бәрі маған қарсы, жауап берші, Тәңірім?
Өмір деген өзеннің ағысына қарсы шықтым,
Ағысы қатты екен, бата жаздап сан тұншықтым.
Бірақ мен берілмедім өз айтқаныммен істедім,
Көп жерлерде қателестім сол үшінде өкінемін.
Шын айтсам шаршадым мен тағдырмен шайқасудан,
Бәрін бастағым келеді менің қайта басынан.
Бұл менің өмірім ! My life!
Бұл менің өмірім!
Бұл менің өмірім! My life!
Бұл менің өмірім!
Бұл менің өмірім! My life!
Бұл менің өмірім!
Бұл менің өмірім! My life!
Бұл менің өмірім!
Менің өмірім сендерге үлкен құпия,
Сезімім тасып жатыр тасығандай дария.
Менің қалам қатігез болуға үйретті,
Қолдашы құлыңды, Қудайым құдіретті.
Махаббат үшін нағыз жігіт еш жыламайды,
Рухым мәңгілік қамал ешқашан құламайды.
Ол мені тастап кетіп алыстан қолын бұлғады,
Бақытыма баласамда ол бақытым бола алмады.
Анашым, кешір мені, мен жақсы ұл емеспін ,
Сенің көз жасыңды көрмеуге қатты тырыстым.
Сен үшін жәй Решат, басқаға жұлдыз ReeGa,
Егер шынайы мен сүймесем жүрегім өлмей ма?
Бұл менің өмірім! My life!
Бұл менің өмірім !
Бұл менің өмірім! My life!
Бұл менің өмірім!
Бұл менің өмірім! My life!
Бұл менің өмірім!
Бұл менің өмірім! My life!
Бұл менің өмірім!

分享連結
複製成功,快去分享吧
  1. Қымыз қыз
  2. Плеер
  3. Менің өмірім
  4. Қош енді, жаным
  5. Нива, Москвич, Волга
  6. Жібер
  7. Ханшайым
  8. Алматы өртенуде
  9. Бұл бизнес (Short version)
  10. Хэппи енд
ШYNGYSMaxiMuMQuintino & Blasterjaxx所有歌曲
  1. Adventure
  2. The Veil
  3. いまはおやすみ
  4. Universe is Small
  5. Soul Sound System (LP Version) (2006 Remastered)
  6. Robin
  7. Barbu Lautaru
  8. Bahia de Taco
  9. Simple As It Is
  10. 靈魂穿越
ШYNGYSMaxiMuMQuintino & Blasterjaxx所有歌曲

ШYNGYSMaxiMuMQuintino & Blasterjaxx熱門專輯

ШYNGYSMaxiMuMQuintino & Blasterjaxx更多專輯
  1. ШYNGYSMaxiMuMQuintino & Blasterjaxx Rap Zhinaq
    Rap Zhinaq
  2. ШYNGYSMaxiMuMQuintino & Blasterjaxx Qazaqstars
    Qazaqstars
  3. ШYNGYSMaxiMuMQuintino & Blasterjaxx Қош енді, жаным
    Қош енді, жаным
  4. ШYNGYSMaxiMuMQuintino & Blasterjaxx Батыл ақымақ
    Батыл ақымақ
  5. ШYNGYSMaxiMuMQuintino & Blasterjaxx Лас оңтүстік
    Лас оңтүстік
  6. ШYNGYSMaxiMuMQuintino & Blasterjaxx Өлілердің арасынан
    Өлілердің арасынан
  7. ШYNGYSMaxiMuMQuintino & Blasterjaxx Рэп-Қырылыс
    Рэп-Қырылыс
  8. ШYNGYSMaxiMuMQuintino & Blasterjaxx Ешқашан берілме
    Ешқашан берілме