Men Seni Oilaitynmyn
AukaGulnur Orazimbetova
Men Seni Oilaitynmyn 歌詞
Жырыңа қанбайтынмын,
Ауатын назарым көп.
Мен сені ойлайтынмын.
Жастықтың базары деп,
Мен сені ойлайтынмын,
Таусылмас жыр-ән ғой деп.
Төменге қонбайтұғын,
Тәкаппар қыран ғой деп.
Жалынның барлығына,
Күймес деп ойлайтынмын.
Саусағы әр бұрымға,
Тимес деп ойлайтынмын.
Тұрса да асқар алда,
Қайтпайтын қайсар деп ең.
Жан сырын басқаларға,
Айтпайтын байсалды деп ең
Қос шектің естілмеген,
Үніндей қиялдадың.
Көңіліңді ешкімге сен
Күлімдей қия алмадың.
Демедің көптің бірі,
Еш кінә таға алмассың
Деп едің, өткірлігі
Жүзіндей ақ алмастың.
Төменге қонбайтұғын,
Тәкаппар қыран ғой деп.
Жалынның барлығына,
Күймес деп ойлайтынмын.
Саусағы әр бұрымға,
Тимес деп ойлайтынмын.
Көңіліңді ешкімге мен
Күлімдей қия алмадым.
Демедім көптің бірі,
Еш кінә таға алмаспын
Деп едім, өткірлігі
Жүзіндей ақ алмастың.
Жырыңа қанбайтынмын,
Ауатын назарым көп.
Мен сені ойлайтынмын…