Jol 歌词
Жел еседі каспийден
45 дəреже көлеңкеде
Жатырмын купеде
Көргенім терезеден тек - туған жер
Тұзы бетіне шыққан жерлер
Саз бен сор араласқан өлке
Жарып шығуың қиын дəннен
Бірақ өссең жетерсің көкке бірден
Жусанның иісімен өтем балалық шағыма
Көзімді жұмып сапар шегем
қазір жоқ ауылыма
Керексіз қарбалыстан
Жеңімпазы жоқ бұл жарыстан
Мені құтқар жол, мені құтқар жол
Мені құтқар жол, жол жол жол (ұзын жіңішке) x 4
Nurik Smit
Бұлттарға енді мүлде сенбеймін
Солардын кесірінен кедеймін
Алдама тәттімен қиялға көнбеймін
Қолымнан ұстап жұлқылама есейдім
Менің ойым туыстарға манызды ма ?
Менің ойым бөтендерге маныздырақ
Туыстан келеді сұрақ
Қалтада ақша ұсақ?
Қабағын түйіп алып болшы дейді жауыздырақ
У, ішіп алғым келеді кейде
Аяқ басам ерісіп күлге
Ысқыр, ысқыр көріп жатсаң мені бұрылыстан
Шүкір, шүкір қал жағдайым жақсы сені қызықтырса
Ауруыма қарамай әлі келемін
Алла берген сынақтарды жұтып келем
Алдымдағы ұзын жолға сеніп ерем
Жолым жіңішке болсада
Адамдардан гөрі соған сенемін!
Мені құтқар жол, жол жол жол (ұзын жіңішке) x 4